Закирова Раушан Тұрсынқанқызы
Закирова Раушан Тұрсынқанқызы
Радиациялық онколог дәрігер

Лауазымы: радиациялық онколог дәрігер

Біліктілік санаты: жоғары біліктілік санаты

Еңбек өтілі: 21 жыл

Бөлімше: Радиациялық технологиялар орталығы

Білімі

 

  • 1996–2002 жж. – Семей мемлекеттік медицина академиясы, «Емдеу ісі» факультеті.
  • 2002–2003 жж. – Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасының терапия бөлімшесінде интернатурадан өтті.

 

Еңбек тәжірибесі

 

  • 2003–2025 жж. – Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының Ядролық медицина және онкология орталығы, радиациялық онколог дәрігері.

 

Біліктілікті арттыру

 

  • «Қатерлі ісіктері бар пациенттердің сәулелік терапиясының таңдаулы мәселелері» (300 сағат).

 

Тағылымдамалар мен халықаралық оқыту бағдарламалары:

 

  • «Тиісті клиникалық практика (Good Clinical Practice – GCP)», Семей қаласы;
  • «Медицинадағы радиациялық қауіпсіздік», Курчатов қаласы;
  • «Radioisotope and Radiation Treatment», Вильнюс, Литва (МАГАТЭ);
  • «Қазіргі сәулелік терапияның жоғары технологиялық әдістері: қарқындылығы модуляцияланған және кескін бойынша басқарылатын сәулелік терапия. Клиникалық қолдану, жоспарлау және верификация аспектілері», Рига, Латвия (МАГАТЭ);
  • «Академик Н.Н. Трапезниковты еске алуға арналған ТМД және Еуразия елдері онкологтары мен радиологтарының X съезі», Сочи, Ресей (2018 ж.);
  • OIS Clinical Implementation Course (32 сағат), Хам, Швейцария;
  • «Сәулелік терапияны жаңғырту және дамыту стратегиясы: техникалық және кадрлық қамтамасыз ету», Мәскеу, Ресей (МАГАТЭ);
  • «Modern Radiation Therapy in Clinical Use», Баку, Әзербайжан (Varian);
  • «High Dose Rate Brachytherapy», Варшава, Польша (2018 ж.);
  • «Brachytherapy in Treatment of Patients with Various Localization Cancer», Варшава, Польша (2018 ж.);
  • «Regional Workshop on Making a Compelling Case to Procure LINACs & Leveraging Existing Resources in the Region», Тбилиси, Грузия (2024 ж.);
  • «Stereotactic Radiotherapy for Tumors of Different Localization», Кельн, Германия (2024 ж.).

 

Кәсіби қызығушылықтары

  • 3D-CRT, IMRT және IGRT жоғары технологиялық сәулелік терапия әдістері;

  • 4D және 5D режимдерінде жүргізілетін брахитерапия (интракавитарлық, интерстициалдық және интралюминальды);

  • Сәулелік ем жүргізу кезінде тыныс алуды синхрондау (Gating) технологиясы.