Орталық 30 төсек-орынға есептелген. Бас және мойын, өңеш, өкпе, асқазан, құрсақ қуысы және несеп-жыныс жүйесінің қатерлі әрі қатерсіз жаңа өскіндері бар науқастарға хирургиялық көмектің толық спектрін көрсетеді. Орталық студенттер, резиденттер және дәрігерлер үшін оқу базасы болып табылады.

ННООЦ базасында студенттер мен резиденттер тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен заманауи хирургиялық әдістерді меңгеріп, клиникалық талдауларға қатыса отырып білім алады. Сондай-ақ өңірлерден келген дәрігерлер үшін біліктілікті арттыру курстары өткізіледі.
Біздің мақсат – жоғары деңгейдегі емдеуді қамтамасыз ету ғана емес, онкохирургия саласының жаңа буын мамандарын дайындау.
Орталық құрылымына 5 сектор кіреді:
абдоминалды хирургия секторы
торакалды хирургия секторы
онкоколопроктология секторы
бас және мойын ісіктері секторы
онкоурология секторы
Медицина ғылымдарының кандидаты, 30 жылдық тәжірибесі бар жоғары санатты дәрігер.