Көпсалалы терапия орталығы

Орталық жоғары технологиялық және тар бейінді медициналық қызметтердің кең ауқымын ұсынады. Мұнда кардиология, неврология, эндокринология, паллиативтік терапия және оңалту бағыттары қамтылған. Қызметтер кешені ауруларды диагностикалау, емдеу (оның ішінде коронароангиография, стент қою, түрлі кардиостимуляторларды имплантациялау сияқты инвазивтік араласулар) және оңалтуды жүргізуге бағытталған. Бұл пациенттерге бір орталық аясында толыққанды тексеруден өтіп, ем алып, кейінгі қалпына келу кезеңінен өтуге мүмкіндік береді. 

Онкологиялық науқастарды диагностикалау мен емдеу жиі жүрек-қантамыр, жүйке немесе эндокриндік жүйе ауруларымен күрделене түседі. Осыған байланысты онко-кардиология, онко-неврология, онко-эндокринология секілді пәнаралық бағыттарға және міндетті түрде оңалтуға сұраныс артып келеді. Қазір медицина тәжірибесінде бір емес, бірнеше ауруға қатар шалдыққан науқастар саны көбейіп отыр. Мұндай жағдай коморбидтілік (мысалы, онкология+кардиология, онкология+неврология, онкология+эндокринология) деп аталады. Сондықтан онкологиялық науқастарды емдеуде көпсалалы терапияның рөлі айрықша маңызды. 

Көпсалалы терапияның басты мақсаты – онкологиялық науқастардың қосалқы ауруларын ескере отырып, кешенді әрі үйлестірілген тәсіл қолдану. Біздің орталық мамандары мен оңалтушылардың бірлескен жұмысы ісікке қарсы емдеуді тиімді жүргізіп, коморбидтіліктен туындайтын асқынуларды азайтуға бағытталған. Мұндай көзқарас онкологиямен күресте нәтижелілікті арттырып қана қоймай, қосалқы аурулардың әсерін барынша төмендетіп, науқастың өмір сүру сапасы мен болашағын жақсартуға мүмкіндік береді. 


Көпсалалы терапия орталығы жанындағы оңалту секторы

Ерте кезеңдегі медициналық оңалту орталық мамандарының қатысуымен реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде, сондай-ақ орталықтың салалық бөлімдерінде (остеоонкология және ортопедия, көпбейінді хирургия, онкогематология және сүйек кемігін транспалнтациялау, генатопанкреатобилиарлық хирургия, онкогепатология және ағза трансплантациясы) жүргізіледі. Біз стационар жағдайында оңалту процесін сүйемелдей отырып, ағзаның бейімделуін және қызметтік мүмкіндіктерін қалпына келтіру жолын бастауына көмектесеміз. 


Бөлімнің жұмыс бағыттары

1)Буын эндопротездеуден кейінгі оңалту. Буынды алмастыру отасынан бірнеше сағат өткен соң-ақ бөлім мамандары науқастарды вертикализациялап, алғашқы қадамдарын жасауға көмектеседі. 

2)Онкохирургиялық араласлардан кейінгі оңалту (мойын, іш қуысы, кеуде қуысы, кіші жамбас аймақтары). Инструкторлар сол күні-ақ пациенттерді қауіпсіз тұруға, емдік гимнастика кешеніне және тыныс алу жаттығуларына үйретеді. 

3)Маммалогиялық операциялардан кейінгі оңалту. Науқас әйелдермен топтық емдік гимнастика жүргізіліп, арнайы жаттығулар кешені үйретіледі әрі постмастэктомиялық синдромның алдын алу шаралары қабылданады. 

4)Гематологиялық бейін бойынша оңалту. Химиотерапия мен сүйек кемігін трансплантацияны қоса алғанда, агрессивті емнен кейінгі жалпы жағдайды қолдап, физикалық белсенділікті арттыруға бағытталады. 


Ерте медициналық оңалту бөлімі көрсететін қызметтер

⦁    Классикалық емдік дене шынықтыру әдістері 

⦁    Қолмен жасалатын емдік әдістер 

⦁    Физиотерапиялық емдеу тәсілдері 

Біздің мақсатымыз – оңалтуды барынша ерте әрі қауіпсіз бастау, науқастың жалпы жағдайын жеңілдеті және оны оңалтудың ІІ кезеңіне дайындау. 

Марат Даулетбек Маратович

Зав. отд. Врач кардиолог - аритмолог высшей категории. Стаж работы- 15 лет.

Проходил повышение квалификации по различным современным подходам к диагностике и лечению сердечно-сосудистых заболеваний также по аритмологии (Россия, Литва, Америка, Турция).

Бөлімше дәрігерлері
Рысқұлова Зарина Манарбекқызы
Кардиолог дәрігер
Аймақова Гүлнара Оразханқызы
Кардиолог дәрігер
Оралова Маржан Серікқызы
Эндокринолог дәрігер
Қоржумбаева Динара Қайроллақызы
Пульмонолог дәрігер
Абенова Ирина Тольтаевна
Врач невролог. Стаж: 32 года
Кожагалиева Светлана Казыбековна
Старший ординатор сектора паллиативной помощи, врач-онколог