Орталық туралы

Әйелдер денсаулығы орталығы әйелдердің репродуктивтік жүйесіне тән қатерлі ісік алды және қатерлі жаңа түзілімдерді диагностикалау мен хирургиялық емдеуге маманданған. Орталықтың негізгі бағыты – сүт безі, жатыр және жатыр мойны, аналық бездер, жатыр түтіктері мен сыртқы жыныс ағзаларының ауруларын заманауи әдістер арқылы емдеу. Біз органсақтаушы оталардан бастап, реконструкциямен бірге жасалатын кеңейтілген хирургиялық араласуларға дейінгі заманауи тәсілдерді қолданамыз. Науқастарға ауруды анықтаудан бастап толық оңалуға дейінгі барлық кезеңде кәсіби қолдау көрсетіледі.

Әйелдердің репродуктивтік жүйесінде қатерлі ісік анықталған жағдайда, дерттің сатысын дәл айқындауға мүмкіндік беретін кешенді диагностикалық бағдарлама жүзеге асырылады. Науқас толық тексеруден өткен соң, ҰҒОО- тың кеңес беру-диагностикалық орталығында көпсалалы онкологиялық консилиум (МДК) өткізіліп, емдеу тактикасы анықталады.

Әйелдер денсаулығы орталығында репродуктивтік жүйенің қатерлі ісік алды және қатерлі ауруларын хирургиялық емдеудің барлық әдістері қолданылады. 

Сүт безі қатерлі ісігі кезінде қолданылатын әдістер:

ICG лимфографиясымен және сигнальды лимфа түйіндерінің биопсиясымен радикалды резекция;

Әртүрлі тәсілдер арқылы бірмезгілде реконструкция жасалатын онкопластикалық резекциялар;

ICG лимфографиясымен және сигнальды лимфа түйіндерінің биопсиясымен радикалды мастэктомия;

TRAM-лоскутын пайдалана отырып, ICG лимфографиясы және сигнальды лимфа түйіндерінің биопсиясымен радикалды мастэктомия және бірмезгілде реконструкция. 


Жатыр мойны қатерлі ісігінде орындалатын хирургиялық әдістер:

Жатыр мойнының кеңейтілген конизациясы;

Жатыр мойнын ампутациялау;

Жамбас лимфадиссекциясымен радикалды трахелэктомия;

Лапароскопиялық радикалды гистерэктомия (қосалқыларды – екі жақты сальпингоовариоэктомиямен/немесе онсыз) — жатыр мойнын конизациялаудан кейінгі Ia1 сатысында + ICG лимфографиясы және сигнальды лимфа түйіндерінің биопсиясымен;

Лапароскопиялық радикалды гистерэктомия II типті (қосалқыларды екі жақты сальпингоовариоэктомиямен/немесе онсыз) жамбас лимфадиссекциясымен — жатыр мойнын конизациялаудан кейінгі Ia2 сатысында + ICG лимфографиясы және сигнальды лимфа түйіндерінің биопсиясымен;

Лапаротомия, радикалды гистерэктомия III типті, екі жақты сальпингоовариоэктомия және жамбас лимфадиссекциясымен;

Алдыңғы, артқы немесе толық жамбас экзентерациясы — әртүрлі реконструктивті-пластикалық әдістер арқылы қуық резервуарын қалыптастырумен (онкоколопроктологтармен, онкоурологтармен, ангиохирургтармен тығыз бірлесе отырып). 


Жатыр денесінің қатерлі ісігінде орындалатын хирургиялық әдістер:

Лапароскопиялық радикалды гистерэктомия I типті, екі жақты сальпингоовариоэктомиямен + ICG лимфографиясы және сигнальды лимфа түйіндерінің биопсиясымен;

Лапароскопиялық радикалды гистерэктомия I типті, екі жақты сальпингоовариоэктомиямен + жамбас және парааортальды лимфадиссекция;

Лапаротомия арқылы радикалды гистерэктомия I типті, екі жақты сальпингоовариоэктомиямен + жамбас және парааортальды лимфадиссекция + оментэктомия;

Жатыр денесінің таралған қатерлі ісігінде әртүрлі циторедуктивті операциялар. 


Аналық без қатерлі ісігінде орындалатын оталар:

Лапароскопия/лапаротомия: біржақты сальпингоовариоэктомия + хирургиялық стадиялау;

Лапароскопия/лапаротомия: тотальды гистерэктомия екі жақты сальпингоовариоэктомиямен + оментэктомия + хирургиялық стадиялау;

Жергілікті-өршіп кеткен аналық без қатерлі ісігінде – кеңейтілген алғашқы және интервальді циторедуктивті операциялар (жамбас перитонеумэктомиясы немесе тотальды перитонеумэктомия, көршілес ағзалардың резекциясымен).


Сыртқы жыныс мүшелерінің қатерлі ісігінде орындалатын операциялар:

Вульвэктомия;

Радикалды вульвэктомия + ICG лимфографиясы және сигналды лимфа түйіндерінің биопсиясы;

Радикалды вульвэктомия + шап-бедер аймағының лимфодиссекциясы;

Радикалды вульвэктомия + шап-бедер аймағының лимфодиссекциясы + лапароскопиялық жамбас лимфодиссекциясы (бір мезгілде реконструктивті-пластикалық кезеңімен).


Обыр алды аурулар кезінде:

Жатыр мойны, жатыр және аналық бездерге жасалатын барлық түрдегі ағзаны сақтап қалу оталары;

Қынап арқылы жатырды алып тастау (вагиналды гистерэктомия).


Шакирова Аида Фазылқызы

Шакирова Аида Фазылқызы

Әйелдер денсаулығы орталығының меңгерушісі, жоғары санатты онколог дәрігер, жоғары санатты гинеколог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің доценті. Еңбек өтілімі – 23 жыл. Оңтүстік Корея, Түркия, Румыния және Беларусь елдерінде білімін жетілдірген.

Мамандығы – онкогинекология. 

Оның жетекшілігімен бөлім жұмысына:

эндометрий обыры мен жатыр мойнының ерте кезеңдегі обырын лапароскопиялық әдіспен хирургиялық емдеу,

гинекологиялық қатерлі ісіктің әртүрлі орналасуында барлық түрдегі ультрарадикалды және циторедуктивті оталар,

реконструктивті-пластикалық кезеңмен біріктірілген радикалды вульвэктомиялар енгізілді.

Жатыр мен аналық бездің қатерлі ісіктерін емдеу және науқастарды оңалту бойынша ғылыми еңбектері бар.