Инженерлер бөлімі сәулелік терапияда, диагностикада, тераностикада қолданылатын жоғары технологиялық медициналық жабдықтың техникалық сүйемелдеуін және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Бөлімнің жауапкершілік аймағына мыналар кіреді:
Сәулелік терапияны жүргізуге арналған сызықтық үдеткіштер;
Диагностикалық жабдық: компьютерлік томографтар (КТ), магнитті-резонанстық томографтар (МРТ), ультрадыбыстық аппараттар (УДЗ);
Тераностика бөлімшесінің жабдықтары: ПЭТ/КТ, ПЭТ / МРТ, БФЭКТ/КТ;
Инженерлер тұрақты техникалық қызмет көрсетуді, калибрлеуді, техникалық жағдайды бақылауды және ақауларды жоюды жүзеге асырады. Сондай-ақ жабдық өндірушілермен және сервистік компаниялармен өзара іс-қимыл жүзеге асырылады.
Бөлімнің жұмысы емдеу-диагностикалық процестің сапасы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етіп, маңызды медициналық жабдықтардың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.