Эксперттік эндоскопия бөлімшесі – жетекші әлемдік өндіруші Olympus компаниясының ең жаңа үлгідегі эндоскоптарымен жабдықталған заманауи жоғары технологиялық орталық. Озық жабдықтар мен инновациялық әдістемелерді қолданудың арқасында бөлімшеде эндоскопиялық диагностикалық процедуралардың толық спектрі және аз инвазивті хирургиялық араласулар жоғары деңгейде сәтті орындалады.
Бөлімше мамандары орындайтын жоғары технологиялық араласулар:
Эндоскопиялық субмукозалық диссекция (ESD) – асқазан-ішек жолының шырышты қабығындағы жаңа түзілістерді эндоскопиялық алып тастау;
Пероральды эндоскопиялық миотомия (POEM) және Z-POEM – өңеш ахалазиясын және Ценкер дивертикуласын емдеудің тиімді әдістері;
Субмукозалық туннельді ісік резекциясы (STER) – ас қорыту жолының қабырғасындағы ісік түзілістерін минималды жарақатпен алып тастау;
Антирефлюкстік миотомия (ARMA) – гастроэзофагеальді рефлюксті емдеудің инновациялық әдістемесі;
Эндоскопиялық ретроградтық холангиопанкреатография (ERCP) – өт және ұйқы безі өзектерінің ауруларын диагностикалау және емдеу;
Эндосонография (EUS) – нысаналы биопсия жүргізу мүмкіндігі бар ультрадыбыстық зерттеу;
Бронхоэндоскопия ультрадыбыстық зерттеумен (EBUS) – лимфа түйіндері мен өкпе тінінен биопсия алуға мүмкіндік беретін заманауи диагностикалық әдіс.
Бөлімше мамандарының жоғары кәсібилігі мен бірегей тәжірибесі Жапония, Оңтүстік Корея, Германия, Израиль және Ресейдің жетекші клиникаларында өткен халықаралық тағылымдамалармен қамтамасыз етілген. Бұл әлемдік стандарттарға сәйкес ең заманауи және тиімді диагностика мен емдеу әдістерін енгізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бөлімшеде гастроэнтерологтар мен эндоскопист дәрігерлерге арналған эндоскопия бойынша біліктілікті арттыру курстары мен шеберлік сабақтары тұрақты өткізіліп тұрады. Бұл кәсіби дағдыларды жетілдіруге, тәжірибе алмасуға және жаңа технологияларды игеруге бағытталған.
Эксперттік эндоскопия бөлімшесі – бұл алдыңғы қатарлы технологиялар, халықаралық тәжірибе және жоғары кәсібиліктің үйлесімі. Мұнда пациенттер ең дәл диагностика мен тиімді емді, барынша аз инвазивті әдістер арқылы ала алады.
Бөлімшеде эндоскопиялық процедураларды көктамырішілік жалпы седациямен орындау мүмкіндігі бар. Эндоскопиялық хирургиялық араласуларға пациенттер портал және МӘМС/ТМККК пакеті арқылы, сондай-ақ ақылы негізде көпсалалы ақылы бөлімшеге жатқызылуы мүмкін.
Бөлімше меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты (PhD), 24 жылдық тәжірибесі бар, эндоскопиялық араласуларға маманданған. Жапония, Оңтүстік Корея және Ресейде білім алған. ҚР ДСМ эндоскопиялық қызметінің үйлестірушісі және Қазақ эндоскопиялық қоғамының төрағасы.