Бөлімше қатерлі ісіктің қатты түрлеріне шалдыққан науқастарғае стандартты және жоғары технологиялы жүйелік дәрілік ісікке қарсы емдеуді жүргізуге маманданған. Біз халықаралық ұсынымдарға сәйкес заманауи терапия сызбаларын қолданып, амбулаторлық және стационарлық ем көрсетеміз.
Бөлімшеде емдеудің барлық заманауи тәсілдері қолданылады — химиотерапия (полихимиотерапия мен ұзақ инфузияларды қоса алғанда), иммунотерапия (соның ішінде checkpoint-ингибиторларымен емдеу), халықаралық клиникалық хаттамаларға сәйкес нысаналы (таргеттік) терапия. Дәрігерлер халықаралық клиникалық зерттеулерге белсенді қатысып, жаңа ісікке қарсы препараттарды тәжірибеге енгізеді, шетелдік конгресстерде (ESMO, ASCO, RUSSCO) біліктілігін арттырады, ұлттық ұсынымдар әзірлеуге, телеконсультациялар мен вебинарларға қатысады және күрделі жағдайлар бойынша мультидисциплинарлық консилиумдар өткізеді.
Бөлімше меңгерушісі
I санатты онколог-химиотерапевт дәрігер. Семей медицина академиясын, анестезиология және реаниматология бойынша интернатураны тәмамдаған. Семей қаласының Өңірлік онкодиспансерінде және Абай облысының Ядролық медицина және онкология орталығында жұмыс істеген, онда шамамен 7 жыл бойы химиотерапия бөлімшесін басқарған.
Халықаралық конференциялардың (ESMO, ASCO, RUSSCO) белсенді қатысушысы, заманауи ісікке қарсы терапия хаттамаларын енгізеді және клиникалық зерттеулерге қатысады. 2021 жылы «Семей өңірінің үздік онкологы» атағымен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің дамуына қосқан үлесі үшін» және «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталған.