Лауазымы: зертханалық дәрігер
Еңбек өтілі: зертханалық дәрігер ретінде – 3 жыл, жалпы медициналық еңбек өтілі – 15 жыл
Бөлімше: Клиникалық-диагностикалық зертхана
Білімі
Негізгі білім:
- 2003–2009 жж. – Қазақ мемлекеттік медицина академиясы, «Педиатрия» мамандығы.
Интернатура:
- 2009–2010 жж. – Астана медицина университеті, «Педиатрия» мамандығы бойынша интернатура.
Қосымша білім және біліктілікті арттыру
- 2019 ж. (19 тамыз – 10 желтоқсан) – Астана медицина университетінде «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша қайта даярлау (864 сағат).
- 2023 ж. – Астана медицина университеті, «Зертханадағы биологиялық қауіпсіздік негіздері» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру.
- 2024 ж. (15–28 мамыр) – Астана медицина университеті, «Вирустық, бактериялық және паразиттік инфекцияларды зертханалық диагностикалаудағы иммуноферменттік талдау» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру (120 сағат).
Еңбек жолы
- 2010 ж. – Ақмола облыстық балалар ауруханасы, педиатр дәрігері.
- 2010–2019 жж. – Астана қаласындағы №4 қалалық емхана, педиатр дәрігері.
- 2020–2022 жж. – Астана қаласындағы №4 қалалық емхана, зертханалық дәрігер.
- 2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС, зертханалық дәрігер.
Кәсіби қызығушылықтары
- Жалпы клиникалық, биохимиялық, коагулологиялық және гематологиялық зертханалық зерттеулер жүргізу.
- Cobas INTEGRA 400+, Sysmex CS-2500, Dirui CS300B, AVL-9180, Architect c4000 талдағыштарымен жұмыс істеу.
- Зертханаішілік сапаны күнделікті бақылауды жүргізу.
- Зертханалық зерттеулердің сапасын бақылау.
- Зертханалық талдау нәтижелерін интерпретациялау.