Лауазымы: Радиоизотоптық диагностика дәрігері
Біліктілік санаты: Екінші санат
Еңбек өтілі: 9 жыл
Бөлімше / Орталық: Радиациялық технологиялар орталығы
Кәсіби жетістіктері мен марапаттары
- Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы MBA дәрежесінің иегері (Лондон, Ұлыбритания).
- Еуропалық радиологтар қоғамының мүшесі.
- «Білім беру және денсаулық сақтау сапасын қамтамасыз ету және аккредиттеу жөніндегі Еуразиялық орталық» сараптамалық комиссиясының практикалық денсаулық сақтау саласындағы сарапшысы (2019 жылғы ақпан).
Білімі
Негізгі білімі:
- 2009–2014 жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы қ., «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриат.
- 2014–2016 жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы қ., «Педиатрия» мамандығы бойынша интернатура, педиатр дәрігер.
- 2016–2018 жж. – А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы, Алматы қ., «Сәулелік диагностика (КТ, МРТ, ядролық медицина, ультрадыбыстық зерттеу, рентгенология)» мамандығы бойынша резидентура, сәулелік диагностика дәрігері.
- 2022–2023 жж. – GCU London, Ұлыбритания, «MBA Public Health» (Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы MBA) магистратурасы.
Қосымша білімі және біліктілікті арттыру курстары
- 2013 жылғы қараша–желтоқсан – «Медициналық ұйымдарды басқару» сертификаттық курсы, Barcelona Graduate School of Management, Барселона, Испания.
- 2023 жылғы қазан – «Ядролық медицина – ПЭТ/КТ» клиникалық тағылымдама бағдарламасы, Acıbadem клиникасы, Стамбул, Түркия.
- 2023 жылғы желтоқсан – «КТ және МРТ мәселелері» біліктілікті арттыру циклі, Қазақстан-Ресей медицина университеті, Алматы.
- 2025 жылғы ақпан–наурыз – «Онкологиядағы сәулелік диагностика» біліктілікті арттыру курсы, Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы, Астана.
Еңбек тәжірибесі
- 2018–2019 жж. – Алматы қ. Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының сәулелік диагностика бөлімшесінде ультрадыбыстық диагностика дәрігері.
- 2019–2021 жж. – Алматы қ. №4 қалалық емханасының клиникалық-диагностикалық бөлімінде ультрадыбыстық диагностика дәрігері.
- 2021–2024 жж. – Алматы қ. «PROFESSIONAL» үздіксіз білім беру ұлттық орталығының сәулелік және функционалдық диагностика кафедрасының ассистенті.
- 2024 жылғы сәуір–желтоқсан – Алматы қ. №4 қалалық емханасының сәулелік және функционалдық диагностика бөлімшесінде рентгенолог дәрігер.
- 2024 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – Астана қ. Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығының Тераностика бөлімшесі, Радиоизотоптық диагностика секторының радиоизотоптық диагностика дәрігері.
Ғылыми және оқытушылық қызметі
- 2021–2024 жж. – «PROFESSIONAL» үздіксіз білім беру ұлттық орталығының сәулелік және функционалдық диагностика кафедрасының ассистенті.
- Қазақстан, АҚШ, Ресей және Беларусь елдерінің медициналық журналдары мен ғылыми жинақтарында жарияланған 13 ғылыми еңбектіңтең авторы:
- 9 ғылыми мақала;
- 3 ғылыми тезис;
- 1 клиникалық жағдай.
Ғылыми іс-шараларға қатысуы:
-
2016 ж. – «КТ және МРТ-ның өзекті мәселелері» шеберлік сабағы, Алматы.
-
2016 ж. – «Онкологиядағы МРТ мүмкіндіктері» шеберлік сабағы, Алматы.
-
2017 ж. – Еуропалық балалар радиологтары қауымдастығының жыл сайынғы халықаралық конференциясы, Давос, Швейцария.
-
2025 ж. – «Тераностиканы енгізу» ұлттық оқу курсы, Ядролық медицина және онкология орталығы, Семей.
-
2025 ж. – «Қазақстан Республикасындағы онкологиялық көмектің жаңа көкжиектері. ҰҒОО – болашақтың озық технологиялары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, Астана.