Біліктілік санаты: «Сәулелік терапия (радиациялық онкология)» мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаттағы дәрігер. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі.
Еңбек өтілі: 10 жылдан астам.
Бөлімше: Радиациялық технологиялар орталығы
Білімі
2006–2012 жж. – С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, «Емдеу ісі» мамандығы.
2012–2013 жж. – С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығы бойынша интернатура.
2013–2015 жж. – Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының базасында «Сәулелік терапия» мамандығы бойынша резидентура.
2021–2023 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасы бойынша магистратура.
Еңбек тәжірибесі
- 2014 – 2015 жж – Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, Нейроонкология орталығының дәрігері.
- 2015 – 2017 жж – Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, Нейроонкология орталығының сәулелік терапия дәрігері (радиациялық онколог).
- 2017 – 2017 жж – Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, Сәулелік терапия күндізгі стационары бөлімшесінің сәулелік терапия дәрігері (радиациялық онколог).
- 2018 – 2020 жж – «Sunkar» онкологиялық орталығы» ЖШС, радиациялық онколог.
- 2019 – 2023 жж – Алматы онкологиялық орталығының радиациялық онкологы.
- 2020 – 2023 жж – Қазақстан-Ресей медицина университетінің онкология және маммология кафедрасында қоса атқарушы оқытушы.
- 2023 ж - қазіргі уақытқа дейін – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС, сәулелік терапия бөлімшесінің меңгерушісі.
Еңбек тәжірибесі
- 2020–2023 жж. – Қазақстан-Ресей медицина университеті, онкология және маммология кафедрасының қоса атқарушы оқытушысы.
- 2023 жылдан бастап – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС, Сәулелік терапия бөлімшесінің меңгерушісі.
Кәсіби жетістіктері
- Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі.
- Түркия, Германия, Португалия, Үндістан, Латвия және Әзербайжанда сәулелік терапияның заманауи технологиялары бойынша халықаралық тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру бағдарламаларынан өткен.
- Қазақстандағы және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда сәулелік терапия және радиохирургия мәселелері бойынша баяндамалар жасаған.
- Қазақстандық және халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланған ғылыми мақалалардың авторы.
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми жобасына қатысқан.
- Бас және мойын аймағының қатерлі ісіктері бар пациенттердің өмір сүру сапасын бағалау әдістемесінің авторларының бірі.
-
Кәсіби қызығушылықтары
Кәсіби құзыреттілігін үздіксіз жетілдіруге ұмтылады және осы талапты әріптестеріне де қояды. Онкологиялық ауруларға жоғары технологиялық сәулелік ем жүргізудің IMRT, VMAT, SRS, SRT және IGRT әдістерін меңгерген. Сәулелік терапия саласындағы еңбек өтілі – 10 жылдан астам.