Салыбеков Расул Нұрлыбекұлы
Салыбеков Расул Нұрлыбекұлы
Хирург дәрігер

Лауазымы: кезекші хирург дәрігері

Біліктілік санаты: жоғары

Еңбек өтілі: 18 жыл

Бөлімше: Қабылдау бөлімі

Білімі

Негізгі білім:

  • 2001–2007 жж. – Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік медицина академиясы, «Емдеу ісі» мамандығы.

Интернатура:

  • 2007–2008 жж. – Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік медицина академиясы, «Хирургия» мамандығы.

Қосымша білім және біліктілікті арттыру:

  • 2012–2015 жж. – Астана қаласындағы «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы» АҚ, «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша резидентура.
  • 2017 ж. – Астана қаласындағы «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы» АҚ базасында «Онкология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті (27 ақпан – 23 маусым).
  • 2024 ж. – «Онкологиялық ауруларды хирургиялық емдеудің заманауи әдістері» тақырыбы бойынша біліктілігін арттырды («Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС, 3–14 маусым).

Еңбек жолы

  • 2008–2009 жж. – Степногорск қалалық орталық ауруханасы, хирург дәрігері.
  • 2009–2012 жж. – Целиноград аудандық емханасы, хирург дәрігері.
  • 2014–2016 жж. – «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы» АҚ, кезекші хирург дәрігері.
  • 2016–2020 жж. – «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы» АҚ, хирург-дәрігер, онколог.
  • 2020 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС, қабылдау бөлімінің кезекші хирург дәрігері.

Ғылыми және педагогикалық қызметі

  • 2025 жылғы наурыз–тамыз айлары аралығында «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС-нің реконструктивтік және пластикалық хирургия кафедрасының оқытушысы.