Лауазымы: зертханалық дәрігер
Біліктілік санаты: жоғары
Еңбек өтілі: 18 жыл
Бөлімше: Клиникалық-диагностикалық зертхана
Кәсіби жетістіктері мен марапаттары
- Денсаулық сақтау менеджменті магистрі (2025 ж.)
- «Зертханалық медицина федерациясы» зертханалық қызмет мамандары мен ұйымдары қауымдастығының мүшесі.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2021 ж.).
Білімі
Негізгі білім:
- 2002–2007 жж. – Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік медицина академиясы, «Медициналық-биологиялық іс» мамандығы, дәрігер-биохимик.
Магистратура:
- 2023–2025 жж. – Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Сібір мемлекеттік медицина университеті (Томск қ.), «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша магистратура.
Қосымша білім және біліктілікті арттыру
- 2008 ж. – Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша қайта даярлау (606 сағат).
- 2013 ж. – «Клиникалық зертханалық диагностика. Полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісі» (54 сағат), Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институты.
- 2017 ж. – «Клиникалық зертханалық диагностика. Клиникалық зертханалық диагностикадағы негізгі зерттеу әдістері» (216 сағат), Қазақ үздіксіз білім беру медицина университеті, Астана филиалы.
- 2017 ж. – «Зертханалық зерттеу әдістерінің нәтижелерін интерпретациялау» (108 сағат), University Medical Center корпоративтік қоры, Астана.
- 2022 ж. – «Клиникалық зертханалық диагностикадағы зерттеулердің заманауи тәсілдері» (240 сағат), «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС.
- 2018 ж. – «Симуляциялық технологиялар негізінде практикалық дағдыларды жетілдіру» (54 сағат), «Нұр Әлем» медициналық білім беру орталығы, Астана.
Сертификаттар
- 2014 ж. – «Гемостаз патологиясының клиникалық және зертханалық мәселелері» (40 сағат), Республикалық диагностикалық орталық.
- 2015 ж. – «Зертханалық зерттеулер сапасына преаналитикалық кезеңнің әсері» (40 сағат), Республикалық диагностикалық орталық.
- 2015 ж. – «Гемопоэздік бағаналы жасушаларды зерттеуге арналған CD-панельдерді енгізу» (40 сағат), Республикалық диагностикалық орталық.
- «ИммуноКомб» тест-жүйесі арқылы адам қанының сарысуы немесе плазмасындағы антиденелер мен антигендерді анықтауға арналған жедел иммуноферменттік талдау (EIA) бойынша сертификат.
Еңбек жолы
- 2007–2012 жж. – №7 қалалық емхана, Астана қаласы, зертханалық дәрігер.
- 2012–2013 жж. – Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру ғылыми орталығы, Астана қаласы, зертханалық дәрігер.
- 2013–2019 жж. – Ұлттық медициналық холдингтің Республикалық диагностикалық орталығы, Астана қаласы, зертханалық дәрігер.
- 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС, зертханалық дәрігер.
Ғылыми және педагогикалық қызметі
- 2010 жылы АҚШ-тың Атланта университеті (Джорджия штаты) және «Gally» халықаралық медициналық-биологиялық ұйымы (Сан-Антонио, Техас штаты) ұйымдастырған жүрек-қантамыр, цереброваскулярлық, нейродегенеративті және онкологиялық ауруларға арналған халықаралық симпозиумға қатысты.
- Астана қаласында «Зертханалық медицина федерациясы» ұйымдастыратын NatForLab Ұлттық зертханалық медицина форумының тұрақты қатысушысы.
Кәсіби қызығушылықтары