Жақыпбекқызы Жанара
Жақыпбекқызы Жанара
Радиациялық онколог дәрігер

Лауазымы: радиациялық онколог дәрігер (сәулелік терапевт)

Біліктілік санаты: жоғары біліктілік санаты

Еңбек өтілі: 12 жыл

Бөлімше: Радиациялық технологиялар орталығы

Білімі

Негізгі білім:

 

  • 2004–2010 жж. – М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, Ақтөбе қаласы, «Емдеу ісі» мамандығы.

 

Интернатура:

 

  • 2010–2011 жж. – «Астана медицина университеті» КеАҚ, «Хирургия» мамандығы бойынша интернатура.

 

Резидентура:

 

  • 2011–2013 жж. – «Астана медицина университеті» КеАҚ, «Сәулелік терапия» мамандығы бойынша резидентура.

 

Қосымша білім және біліктілікті арттыру

 

  • 2023 жыл – «Жоғары технологиялық сәулелік терапия, оның ішінде балалар жасындағы сәулелік терапия» бағдарламасы (240 сағат), «Астана медицина университеті» КеАҚ.
  • 2024 жыл – «Диагностикалық радиологиядағы радиациялық қауіпсіздік» бағдарламасы (60 сағат), «Астана медицина университеті» КеАҚ.

 

Тағылымдамалар:

 

  • 2025 жыл – Penn Medicine Proton Therapy Education Program, АҚШ.
  • 2015 жыл – Ұлттық онкология орталығы, Баку, Әзербайжан.
  • 2015 жыл – Балалар онкологиясы республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Минск, Беларусь.
  • 2017 жыл – Любляна онкология институты, Словения.
  • 2018 жыл – Medanta онкология институты, Үндістан.

 

Еңбек тәжірибесі

 

  • 2025 жылғы ақпаннан қазіргі уақытқа дейін – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС, Протондық терапия орталығының радиациялық онколог дәрігері.
  • 2014 жылғы наурыз – 2025 жылғы ақпан – Астана қаласының Көпбейінді медициналық орталығы, радиациялық онколог дәрігері.
  • 2018 жылғы қараша – 2019 жылғы қыркүйек – «ҮМІТ» томотерапия және ядролық медицина аурухана кешені» ЖШС, радиациялық онколог дәрігері.
  • 2013 жылғы қазан – 2014 жылғы ақпан – Ақтау қаласының облыстық онкологиялық диспансері, радиациялық онколог дәрігері.
  • 2013 жылғы шілде – 2013 жылғы қазан – Астана қаласының онкологиялық диспансері, радиациялық онколог дәрігері.

 

Кәсіби қызығушылықтары

  • Ересектер мен балалардағы әртүрлі локализациядағы ісіктерге сәулелік және протондық терапия жүргізу;

  • ESTRO ұйымдастырған халықаралық конференциялар мен білім беру курстарына қатысу (2021 жыл – онлайн, 2023 жыл – Прага және басқа да іс-шаралар);

  • TrueBeam STx, EDGE, Ethos және TomoTherapy HD жоғары технологиялық сәулелік терапия жабдықтарымен жұмыс тәжірибесі.